BILGEN DURYS · @bilgen.durys

Posted 1 week ago
215.62K followers
731.51K views
22.29K likes
1.56K comments
2.09K shares

⚡️Ақтөбелік емші Бағдагүл Лепесова Қытайдан тауар әкеліп сатумен айналысатын Ерсай есімді кәсіпкерді қатаң сынға алды. Ол әлеуметтік желідегі жазбасында кәсіпкерді халықты алдап отыр деп айыптап, оның сауда тәсілдері мен ұтыс ойындарына қатысты пікір білдірді. Бағдагүлдің сөзінше, «алтын ұтамын» деген үмітпен адамдар мұндай ұсыныстарға алданып қалуы мүмкін. Ол кәсіпкердің әрекетіне құзырлы органдар назар аударып, құқықтық баға беруі керек деп есептейді. 💬«Оян, қазақ! Қу түлкіге алданбаңдар! Қазақтың ақшасын тонау үшін келдің бе?», — деп жазды емші. Сондай-ақ ол Ерсайдың елден шығарылуын талап етіп, оны «шіріген жұмыртқа», «қу түлкі» деп атаған. Бағдагүл Лепесова заң бұзушылық анықталған жағдайда кәсіпкер жауапқа тартылуы тиіс екенін, ал заң бұзылмаған болса, бұл мәселе халыққа ашық түсіндірілуі керектігін айтты. 🎦 Дереккөз: Ozgerisinfo #бағдагүлсынықшы #жаңалықтар #қазақстан #рек #bilgendurus