Posted 1 week ago
21.78K followers
723.5K views
99.7K likes
672 comments
3.46K shares
Қазақстандық әнші Bika Breezy Қытайдағы концерттерінің бірінде домбыра тартып, ұлттық аспаптың әуезін жергілікті көрерменге таныстырды. Биназир Ермағанбетова үшін домбыра сахнадағы жай ғана аспап емес. Ол бала кезінен музыкаға қызығып, гитараны өз бетінше меңгеріп, домбырада да ойнауды үйренген. 2026 жылы өнерпаз Қытайдағы танымал The Rap of China шоуына қатысып, елдегі тыңдармандарының қатарын арттырды. Қазір әнші Sixth Sense альбомымен Қытайдың бірнеше қаласында концерт беріп жүр. Өнерпаздың ұлттық аспапты шетелдік сахнада таныстыруы қазақстандық тыңдармандардың да назарын аударды. #BikaBreezy #БиназирЕрмағанбетова #Домбыра